"Манчестер Сити" және Өзбекстан құрамасының ойыншысы Абдукодир Хусанов 2026 жылғы Әлем Чемпионатына алғаш рет қатысатын футболшылар арасындағы ең қымбат ойыншы атануы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
TransferRoom порталының мәліметі бойынша, Хусанов трансферлік құны бойынша ӘЧ-2026 дебютанттарының үздік ондығын бастайды деп болжануда. Оның нарықтық құны 47,8 миллион еуроға бағаланып отыр.
Екінші орынды Коста-Рика құрамасының қорғаушысы Логан Кошта иеленді. Оның нарықтық құны – 21,7 миллион еуро.
Үздік бестікке Өзбекстан құрамасының тағы екі ойыншысы енді:
– Аббосбек Файзуллаев – 10 миллион еуро.
– Эльдор Шомуродов – 9,3 миллион еуро.
Ал Бесінші орынды Иорданиялық вингер Муса Тамари 8,9 миллион еуромен түйіндеді.
Біздің серіктес: FONBET