Өзбекстандық футболшының ҚПЛ ұжымына ауысқандағы трансферлік бағасы белгілі болды

20.01.2023, 23:48


"Ордабасы" Шахбоз Умаровты толыққанды өз ойыншысы қылып алды.

Шымкенттік ұжым футболшы үшін БАТЭ ФК 50 мың еуро төлепті.

Еске салайық, Шахбоз "Ордабасыда" жалға алынған футболшы ретінде өнер көрсетіп келді. Ол бұл ұжыммен Қазақстан Кубогін жеңіп алған болатын. Өзбекстандық ҚПЛ өткен маусымында 9 ойын өткізіп, 3 голдық пас берген еді.