Жарнама
Жарнама

Өзбекстанның U17 құрамасында темірдей тәртіп орнатылды

Катарда Әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан жас ойыншылар жатар алдында телефондарын өткізеді екен.

Жарнама
Жарнама

Қазірде Өзбекстанның U17 командасы Әлем чемпионатының топтық кезеңін сәтті аяқтап, 1/16 финалға жолдама алды. Онда миллийлер құрамасына С-тобында үздік атанған Хорватия қарсылас атанады. Аталған кездесуге дайындықты команда күн сайын пысықтап келеді. Ең қызығы, команда бапкері Ислом Исмоилов футболшылар ұйқыға жатар алдында телефондарын жинап алады екен. Бұл тәсілі арқылы ол болашақ жұлдызды ойыншылар арасында тәртіп орнатыпты. Ұялы гаджеттерін жинап алған сәттен бастап, 17 жастағы жас футболшылар ұйқыға ерте жатып, азаңғы жаттығуларға сергек оянуда екен. 

Өзбекстан U17 құрамасы Әлем чемпионатындағы Хорватияға қарсы кездесуін ертең өткізеді. Шақпақ жейделілерді ұтқан жағдайда өзбектер 1/8 финалда Чехия - Италия жұбының жеңімпазымен жолығады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: