Жарнама
Жарнама

Өзбектер Ривалдоны да алдап соғыпты

10.11.2011, 20:00
Жарнама
Жарнама

Атағынан ат үркетін әлемдік футбол жұлдызы Ривалдо өзбектермен соттасып жатыр. Өзбекстандық «uznews.net» ақпараттық порталының хабарлауынша, «Бунедкор» клубында екі жыл тер төккен футболшыға «Zeromax GmbH» компаниясы 16 миллион доллар «гонорарын» төлемей кеткен.

– Маған әріптестік байланыс ұсынылды, спорттағы карьерамды аяқтағаннан кейін клубтың президенті болуға тиіс едім,– дейді даңқты футболшы.– Осында келгеннен кейін алғашқы жылы ғана тиесілі ақшамды алдым. Одан кейін маған ештеңе төленген жоқ. Мен тіпті өзімнің ақшамды осы клубқа салдым. Ақыр соңында олар тиісті міндеттемелерін орындамай кетті. Ривалдо өзбекстандық клубтың сапында 2008 жылдан бастап ойнаған болатын. Тиесілі жалақысын айлар бойы ала алмаған әйгілі футболшы 2010 жылы өз еліне кетуге мәжбүр болды. Іле-шала өзағаңдармен бірге доп қуып жүрген үш бірдей бразилиялық футболшы мен даңқты бапкер Луис Фелипе Сколари да Бразилиясына безіп кетті. Сколаридің жағдайы түсінікті, кәрі қасқыр өзағаңдардың өзін алдауына жол бермей, тиесілі ақшасының бәрін қалтасына басып алған. Соның арқасында әлемдегі ең жалақысы көп бапкер атанды. Ал бар өнерін жасыл алаңда көрсететін Ривалдоның ақша санауға шеберлігі жетпей қалса керек. Өзбектер де кімді алдау керектігін «біледі екен». Анау-мынау емес, Бразилия құрамасының сапындағы әлем чемпионы, «Барселона» сапында чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған, «Алтын доп» пен «Гауһар допты» иеленген, миллиондардың «кумиріне» айналған спортшымен соттасып жатқанын айтсаңызшы. Соттың қандай шешім шығаратынын кім білсін, әйтеуір, осы даудың арқасында өзағаңдар айдай әлемге алаяқ ел ретінде әйгіленетіні анық. Дереккөз: nurastana.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров