“Инвесторлар келеді” деген бос уәдеден шаршаған Григорий Бабаян команданың шынайы жағдайын жайып салды. БАҚ беттеріндегі шу мен клубтың ішіндегі шындық екі бөлек дүние болып шықты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бабаянның айтуынша, команда әлі де болса қаржылық және ұйымдастырушылық қиындықтардың құрсауында қалып отыр.
“Бәрін баспасөзден оқимыз, бірақ өзгеріс жоқ”
Бас бапкер жаңа инвесторлар туралы жаңалықтарды тек интернеттен көретінін, ал клубтa ешқандай оң өзгеріс байқалмайтынын жеткізді.
“Мен бұл туралы бұған дейін де айтқанмын, біз көп нәрсені баспасөзден білеміз, бірақ әзірге оны сезініп жатқан жоқпыз. Бізде қандай мәселелер болды, олар әлі де сол күйінде қалып отыр.” — деді бапкер.
Клубтағы қиындықтарға қарамастан, футболшылардың алаңда барын салып жүргені бапкерді тәнті еткен. Ол ойын алдындағы киіну бөлмесіндегі әңгіменің де бетін ашты.
Футболшылар қаржылық таршылық пен шешілмеген түйткілдерге қарамастан, команда жеңіске деген жігерін жоғалтпаған. Сондықтан, бапкердің ойынша осындай ауыр жағдайда өнер көрсетіп жүрген жігіттер кез келген марапатқа лайық.
Біздің серіктес: FONBET