Bild ақпараттық агенттігінің хабарлауынша "Арсенал" жартылай қорғаушы Месүт Өзілмен келісім шартты одан әрі ұзартатын болды. Футболшы мен клуб жетекшілері әзірге ауызша осындай мәмлеге келіп отыр. Өзілдің келісімі онсыз да 2 жылға дейін жарамды. Бірақ ұжым басшылары қазірден бастап Өзілмен үстеме келісімге келіп, оның жалақысын көбейтпек.