Жарнама
Жарнама

Өзіл “Фенербахчемен” жасырын келіссөздер жүргізген

25.12.2020, 05:57
“Арсеналдан” кетуге бел буған секілді.
Жарнама
Жарнама

Лондондық “Арсеналдың” жартылай қорғаушысы Месут Өзіл түркиялық “Фенербахче” клубымен Лондонда келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Daily Mail.

Келіссөздер жөнінде Өзіл “Арсеналға” хабарламаған. Егер келіссөздер сәтті аяқталса, Месут “Фенербахчеде” аптасына 200 мың фунт стерлинг алады-мыс. Ол қазіргі жалақысынан 2-3 есе аз. Бірақ Өзіл қыста емес, тек жазда ғана түркиялық клуб сапын толықтыра алады деген ақпараттар бар. Дегенмен “Фенербахче” өкілдерінің бірі Мұрат Зорлу: “Өзілді қаңтар айында сатып алу мүмкіндігіміз жоғары. Тіпті бір айдан соң Өзілдің Түркияға ауысу мүмкіндігі 90% дер едім”, – деген еді. Әйткенмен “Фенербахче” президенті Әли Коч Өзілге: “Маусым айында жолығамыз!”, – деп айтты деген де жаңалықтар желіде желіп жүр.

Микель Артета Өзілді маусымға арналған ойыншылар тізіміне қоспаған еді. Осылайша наурыз айынан бері Месут “зеңбірекшілер” сапында бірде-бір матчқа қатыспады. Қос тарап арасындағы келісімшарт 2021 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.



Жарнама
Жарнама

Новости партнеров