Жарнама
Жарнама

ӨЗІЛ — «ҚҰТҚАРУШЫ»

07.10.2013, 21:58
Жарнама
Жарнама
JnsW6GXBKcQӨзіл – құтқарушы. Дәл осындай сөздер басылым беттерінен орын алып жатыр. Өзіл туралы айтылып жатқан бағдарламалар да «сартылдатып» жазып жатқан басылымдар өте көп. Сарапшылар Месуттің соңғы ойындарына баға бере отырып, жақсы ойын көрсетіп жатқанын алдыға тартады. Рас, «зеңбірекшілер» тарихындағы ең қымбат ойыншы, ол осы Месут Өзіл. Биылғы ауысым барысында ең сәтті жасалған ауысымдардың бірі. «Арсенал» сапындағы алғашқы ойынының өзінде-ақ көзге бірден ілінген болатын. Ал Өзілді жіберіп, орынына Бэйлді алған «Реалдың» қазіргі қарқыны  «Арсеналдікіндей» деп айта алмаймыз. Бэйл алғашқы ойынында гол салды. Бірақ еңбектің бәрі Карвахальдікі екенін айтуымыз керек. Бағы сол бір сәтте жанып кетті. Клубқа келе салып ойынынан жарақаты ұзақ болып кеткен Бэйлден қазірде Өзіл жоғары тұр. Өзілдің әр ойыны нәтиже. Рэмси, Жиру сынды шабуылды жаны сүйетін ойыншыларды қарсыластың қақпашымен бетпе-бет шығарып жүрген осы – Өзіл. Әр ойынында алаңға шықпас бұрын алақанын жайып бір ауыз дұғасын қайыратын Өзілді періштесі жебеп жүр. 1385587_625709220808877_1330782600_n «Арсенал» футбол клубының бас бапкері Арсен Венгер: Месут өзінің керемет кездесуін өткізді. («Наполимен» болған ойыннан кейін). Өзілде футболшыға тән қасиеттер мен мінез бар. Ол – керемет пас бере алады, тәжірибесі жақсы, соққысы бар ең бастысы командалық ойынды жақсы біледі. Оның ойынын алаң жиегінде көріп отырғанда ерекше лаззатқа бөленесің.  Ол маған «Реал» сапында жүргенде ұнаған болатын. Біздің жолымыз болды, осындай мықты ойыншы біздің командамызда. Келесі болатын ойында (Дортмундтық «Боруссияны» айтады) Өзіл өзін тағы да ерекше қырынан көрсетеді. Оған мен сенімдімін. «Арсенал» футбол клубының қорғаушысы Киран Гиббс: Оған осы жер ұнайды. Осы жерде өзін бақытты, көңілді сезінеді.  Өзілдің командаға келуі бұл үлкен жетістік болды, біз үшін. Оның пас беру шебрлігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Талай уақыт бойы «Арсенал» ұтып көрмеген кубоктарды, биік белестерді Өзіл арқылы бағындырып көрмекпіз. МЕСУТ ӨЗІЛ:  Венгердің бір қоңырауы, мені үлкен үмітке жетеледі. Венгердің сөзінен аңғарғаным бұл жер мен үшін керек жер.Мен «Реал» сапында көрмеген ашықтық, сенімділік және сыйластықты осында байқадым. Венгер сол сәтте-ақ маған қандай тапсырма жүктейтінін, мені  не үшін «Арсенал» сапына шақырып отырғандығын ашық түрде жайып салды. Ірі сомадағы қаржы ма? Мен үшін бастысы ақша емес. Егерде бәрі де өз қолымда болса «Арсеналға тегін-ақ келер едім. Мен Мертесакер, Подольскилермен сөйлестім. Олар Лондонда өзіңді ерекше қырыңнан көрсетуге мол мүмкіндік бар деді. Ең бастысы Ағылшын-премьер лигасында фаворит жоқ. Бүгін жеңген команда, ертең жеңіліп жатады. Мен «Арсенал» сапында жүріп бір жетістікке қол жеткізуді қалаймын. Командға өз көмегімді көрсеткім келеді. Уефа Чемпиондар Лигасынның жартылай финалы болмаса финалда ойнауды мақсат етіп алдық. Енді осы бір мақсатқа жету үшін барымызды саламыз.

Месут Озилдің салтанатты үйі (сурет)

Лондондық "Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Месут Озил Англияның төрінде қоныс тебуде. Неміс жігіті әнші Мэнди Капристо екеуіне Челси кварталынан қымбат үйлердің бірін жалға алыпты. Озилдің жаңа үйі алты бөлмеден тұрады және айлық ақысы 8 мың фунтты құрайтын болып отыр, деп хабарлайды elbalonrosa. Германия ұлттық құрамасының ойыншысы тұратын ауданда Мадонна, Хью Грант, Мик Джаггер, Гвинет Пэлтроу және Кайли Миноуг секілді өнер жұлдыздары тұрып жатыр немесе тұрып кеткен.   Дайындаған: Ернат Темірбеков
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров