Жарнама
Жарнама

Өзіне өте сенімді «Қайрат» жаңарған «Тобылға» қарсы! Суперкубокті кім еншілейді? Сарапшылар пікірі

Бүгін, 15:38

Белгілі бапкер Асқар Қожабергенов «Аладоп.кз» тілшісі Мұрат Мұқашұлына сұхбат беріп, «Қайрат» - «Тобыл» арасында өтетін Суперкубоктік матч жайлы пікірін айтты.

"Қайрат" - "Тобыл" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Танымал маман аталған бәсекедегі фаворитке қатысты болжамын да берген болатын.

«Бұл - трофей үшін болатын бәсеке. Сондықтан, екі команда да тиянақты дайындалып, бар күштерін салады. Тартысты, сапалы матч көреміз деп сенемін. «Қайрат» Сорокин, Громыко сияқты негізгі футболшылары кетсе де, нақты позицияларда трансферлер жасады. Одан кейін алматылық клуб Чемпиондар Лигасында біраз шыңдалып алды. Қазір барлық футболшылары өзіне сенімді, алаңда еркін ойнайды. «Қайрат» ойын схемасын, жүйесін де ештеңесін өзгерткен жоқ. Оиын тонусы да жақсы. Биылдың өзінде Чемпиондар Лигасында екі кездесу өткізіп үлгерді. Жолдастық матчтарына қарасақ та маусымға ойдағыдай, тиянақты дайындалған сияқты. Ал «Тобылдың» біраз мәселесі бар. Алдыңғы шептегі ойынды жүргізген Эль-Мессауди мен Чесноков кетіп қалды. Олардың орнын толтырады деген футболшылардың біреусінде жарақат болса, біреуі қостанайлықтар сапына енді қосылуда. Деңгейін білмейміз дегендей. Ортаңғы шебінде де біраз өзгеріс бар, ал олар командаға қалай кірді, адаптациясы қалай?  «Тобылдың» ойын жүйесі өзгерді ме? Ол да белгісіз. Сондықтан, бұл ойында «Қайрат» фаворит. Алматылықтар ұтатын сияқты», - деді А. Қожабергенов.

Қазақстан Суперкубогі сарапқа салынатын ойын ақпанның 28-де болады. Матч «Астана Арена» алаңында, сағат 17:00-де басталады.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров