"Қызыл-Ақтардың" жаңа ойыншысы қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Bad Football телеграм арнасының мәліметіне сүйенсек, "Ақтөбе” жартылай қорғаушысы 28 жасар Пабло Альварес ел чемпионатындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың бірі болып табылады.
Дереккөздің хабарлауынша, Альварестің айлық табысы шамамен 30 мың долларды (шамамен 14,8 миллион теңге) құрайды. Бұл көрсеткіш тек "Ақтөбе" клубының ішінде ғана емес, жалпы Қазақстан футболындағы ең жоғары жалақылардың қатарына жатады.
Салыстырмалы түрде айтсақ:
Қатардағы легионерлердің орташа жалақысы 10 мың доллардан басталады. Альварестің табысы орта деңгейден 3 есе жоғары.
Bad Football бұл жағдайға қатысты бірнеше маңызды жайтты атап өтті. Мұндай ірі сомалар кез келген ойыншыға емес, команданың ойынын күшейте алатын мамандарға ғана беріледі.
"Альварес секілді деңгейі жоғары легионер үшін мұндай қаражатты аяудың қажеті жоқ. Әсіресе, бұл мемлекеттік бюджет емес, жеке демеушілердің қаражаты екенін ескерсек, клубтың саясаты әбден орынды." — деп жазады арна.
Еске сала кетсек, Испаниялық Пабло Альварес Гарсия “Ақтөбеге” Украинаның “Карпаты” командасынан ауысып келген болатын.
Біздің серіктес: FONBET