Хуан Карлос Карседоның көмегімен Кипр ұжымы біріншілікте чемпион болды.
2023 жылы “Пафос” клубын тізгіндеген Карлос Карседо алғашқы маусымында-ақ Кипр Кубогын жеңді. Келесі маусымында бапкер команданы жаңа деңгейге көтерді. 2024/25 жылғы маусым қорытындысы бойынша “Пафос” өз тарихында алғаш рет Кипр чемпионы атанды. Лиганың басты жүлдесіне таласта Карседо шәкірттері “Арис” командасынан 26-тур қорытындысы бойынша тек 1 ұпайға ғана озды (62 ұпай).
Онымен қоса, 52 жастағы маман Кипр ұжымын алғаш рет Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіне жолдама алып берді. Команда тіпті турнирдегі алғашқы кездесуінде грекиялық “Олимпиакоспен” тең тарқасып, дебютты кездесуін өте сәтті өткізді.
Жалпы Хуан Карлос Пафос ұжымы тізгінінде барлығы 110 матч өткізіп, соның 65 жеңіп, 18 тең ойнап, қалған 27 жеңіліс тапты.
Біздің серіктес: FONBET