Жарнама
Жарнама

“Пафос” бапкері: “Үш ұпайға үміттендік, бірақ нәтижеге разымыз.”

22.10.2025, 09:00

Кипрлік “Пафос” клубының бас бапкері Хуан Карлос Карседо “Қайратқа” қарсы кездесуден кейін өз пікірін білдірді. 

Жарнама
Жарнама

“Әрине, ойыннан қуылған футболшы бәріне әсер Біз бұл кездесуге басқаша жоспар құрған едік, үш ұпай алуды көздедік. Соған қарамастан, қорғаныста сенімді ойнадық, тіпті үш-төрт нақты мүмкіндік туғыздық. Бір гол да соққан едік, бірақ ол есепке алынбады.”

Испаниялық маман командасының мінезі мен төзімділігін ерекше атап өтті:

"Менің ойыншыларымның бойында мінез бар. Олар соңына дейін күресті, берілмеді. Жалпы алғанда, бұл нәтиже біз үшін жаман емес. Дегенмен, 11-де 11 ойнағанда өз шынайы деңгейімізді көрсете алар едік.” – деді ол.

“Қайраттың” агрессивті ойынына тоқталып, қарсыласқа құрметін білдірді:

"Біз бастапқы жоспарымызды орындауға тырыстық. "Қайрат” өте агрессивті команда екенін білдік. Барлық ойымызды толық жүзеге асыра алмадық, бірақ біз барымызды салдық. Бұл — мықты қарсылас, стадиондағы атмосфера да тамаша болды.” – деді Карседо.

Сондай-ақ ол “Қайраттан” ерекше бір ойыншыны бөліп атаудан бас тартты:

"Бұл командада бәрі бірдей күшті. Біреуді жеке бөліп айту қиын. Олар жылдам және ұйымдасқан ойын көрсетті, бірақ біз оларға өз стилін толық көрсетуге мүмкіндік бермедік.” – деп бағалады бапкер.

Атақты қорғаушы Давид Луиздің ойыны жайлы да пікір білдірді:

"Ол бізге үлкен көмек көрсетіп жүр. Оның тәжірибесі — біздің басты артықшылығымыз. Бүгін де ол маңызды рөл атқарып, командаға бір ұпай алып келуге сеп болды.” – деді Хуан Карлос Карседо Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров