Жарнама
Жарнама

“Пафос” клубының шабуылдарын голға айналдырып жүрген кім?

“Уотфорд” командасынан сатып алынған Домингос Кина өзіне артылған сенімді ақтауда.

Жарнама
Жарнама

“Пафос” клубы құрамының басым бөлігі португалдықтар мен бразилиялықтар. Кипр клубы аталған елдің футболшыларына басымдық көп береді. Бразилиялықтар тіпті жергілікті ойыншылардан асып түсердей жағдайда. Биылғы маусымда “Пафос” клубынан Домингос Кина есімді жартылай қорғаушы жақсы көзге түсуде. Шабуылға жиі қосылатын орталық шеп ойыншысы Кипр чемпионатының 7 кездесуінде 4 гол соғыпты. Қазіргі сәтте Кина ішкі біріншіліктің сұрмергендері тізімінде “Астананың” экс-шабуылшысы Пьерос Сотириумен бір деңгейде тұр. Домингос керек кезде вингердің қызметінде атқара береді екен. Оның желаяқтығы шабуылдарға жылдам қосылуға мүмкіндік туғызады. 25 жасына қарамастан, Кина өз мансабында испаниялық “Гранада”, англиялық “Уотфорд”, “Фулхэм”, “Барнсли”, “Ротерхэм”, итальяндық “Удинезе”, португалдық Визеле клубтарында өнер көрсетіп үлгерген. Осы маусымда "Пафостың" үздік сұрмергені атанған Кина “Қайрат” қорғаушыларын біраз әбігерге салуы мүмкін. Бас бапкер Хуан Карседоның өзі бұл жартылай қорғаушыны еурокубоктік ойындарға енді араластырып жүр. 

Домингостан бөлек, бұл командада шабуыл шебінде чемпионатта 3 гол ұрып тастаған Андресон мен “Бавария” қақпасына нәтижелі әрекет жасаған Мислав Оршич “Қайрат”қақпасына гол соғуы мүмкін. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: