Жарнама
Жарнама

“Пафос” командасының көшбасшысы клуб ауыстырды

Муамер Танкович мансабын “Омония” клубында жалғастырмақ.

Жарнама
Жарнама

Швециялық "Норрчепинг" командасының түлегі Кипр ұжымына 2022 жылдың шілде айында грекиялық АЕК командасынан ауысып келген болатын. 30 жастағы футболшы содан бері "Пафос" жейдесінде 134 матч өткізіп, команданың сөзсіз көшбасшысына айналды. 

Еске салсақ, Танкович 2024 жылғы Конференция Лигасы жалпы кезеңінің 3-турында “Астанаға” қарсы кездесуде “Пафосты” алаңға бастап шыққан болатын. Аталған ойын өкінімізге қарай, еліміздің ұжымы үшін сәтсіз аяқталған еді (1:0). 

Швеция азаматы Кипр ұжымымен бірге ел чемпионаты мен Кубокты басына көтерді. Және “Пафостың” алғаш рет Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетуіне өлшеусіз үлес қосты. 

Айта кетейік, команданы алдағы ойындарында капитандық таңбамен тәжірибелі қорғаушы Давид Гольдар бастап шығатын болады.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: