Жарнама
Жарнама

«Пафос» немесе «Копенгаген» матчын көру үшін 100 000 мың теңге төлеу – шектен тыс... Жұртшылықтың «Қайраттың» ЧЛ-дағы кездесулеріндегі билет бағасына байланысты пікірі қандай?

16.09.2025, 07:58

Кеше ғана «Қайрат» клубы ЧЛ негізгі кезеңінің матчтарына билет сатылымының қалай жүзеге асатынын жария етті.

"Қайрат" ФК жанкүйерлері
Жарнама
Жарнама

Елдегі пікір екіұдай – бірі бағаның қолжетімділігін айтып, сүйікті командасын қолдауға баратындарын айтса, екіншілері билет құнының дұрыс реттелмегеніне өкпелі.

Сонымен, билеттердің 30 мың мен 250 мың арасында болатыны белгілі. Бірақ, «Реалдан» басқа тағы «Қайрат» өз алаңында «Пафос», «Олимпиакос», «Брюггені» қабылдайды. Жұртшылық осы ойындарға белгіленген билет құнының тым қымбат екенін тілге тиек етуде.

Мысалы, «GOAL.KZ» телеграмм-арнасы осыған байланысты мынадай пост жариялаған еді:

«Қыста «Орталық» стадионның жағдайы қандай екенін жақсы білесіздер. «Пафос» немесе «Копенгаген» матчын көру үшін 100 000 мың теңге төлеу – шектен тыс. Қарапайым жанкүйерлер мұндай бағаны көтере алмайды, ал дәулеттілерге мұндай матчтар қызық емес – оларға «  Реал» керек. Шындығын айтқанда футболға баратындардың көбі айына 200-300 мың теңге табатын, кредитпен күн көріп жүрген қарапайым адамдар. Олар айлығының жартысын бір билетке жұмсай алмайды».

«Қайрат» ертең ЧЛ негізгі кезеңіндегі тарихи кездесуін өткізеді. Португалияда «Спортингке» қарсы тұрады. Ал екінші турда 30-қыркүйекте «Реалды» қабылдамақ. Негізгі ажиотаж да осы ойынның айналасына екенін айта кетейік.    

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров