Португалдық жартылай қорғаушы кипрлік командадағы 100 матчын тіркеді.
“Пафос” қаласының ұжымы Кипр чемпионатының 7-турында Ахнас клубын 4:0 есебімен жеңді. Аталған кездесу барысында Давид Луиз, Кина, Драгомир және Андерсон гол авторы атанды.
Айта кетейік, кешегі матчта Пафосты капитандық таңбамен алғаш рет бастап шыққан Пепе өз командасындағы 100-кездесуін тіркеді. 28 жастағы жартылай қорғаушы 2023 жылы “Пафосқа” испандық “Картахенадан” ауысып барды.
Еске салсақ, “Қайрат” клубы 21 қазан күні дәл осы кипрлік команданы Алматыдағы Орталықта қабылдайды. Қос клуб арасындағы еурокубоктік бәсекені елорда уақытымен 21:45-те тамашалай аласыздар.
Біздің серіктес: FONBET