ЧЛ жалпы кезеңінің аясында болатын «Қайрат» - «Пафос» ойынының билеттері сатылымға шықты.
Жанкүйерлердің сенімі мен үміті ақталған жоқ – билет бағасы «Реалдағыдай» қымбат болып шықты. Нақты айтсақ, қазанның 21-де өтетін ойынның билеттері түрлі талаптарына қарай 30 – 250 мың аралығында.
Кипрлік клубқа қарсы бәсеке Алматының «Орталық» алаңында өтеді. Алматылық клуб ЧЛ жалпы кезеңінің 2 турынан кейін ұпайсыз келеді. Ал «Пафос» 1 ұпаймен 32-орынға тұрақтаған.
Біздің серіктес: FONBET