Жарнама
Жарнама

Пайруз өз командасының кезекті ойынына қатыса алмайды

25 жастағы Жан Али Пайруз өз командасының “Жеңіспен” өтетін матчын жіберетін болды.

Жарнама
Жарнама

“Ұлытауға” қарсы чемпионаттың 16-тур ойынында жартылай қорғаушы осы маусымда алған сары қағаздар санын 4-ке жеткізіп, келесі кездесуден шет қалды. 

Осыған дейін Пайруз “Тобыл”, “Қайсар” және “Астанаға” қарсы кездесулерде төреші тарапынан сары қағазбен жазаланған. 

Жан Али “Елімайдың” негізгі футболшысы. Ол өз командасының осы маусымдағы барлық ойындарында өнер көрсетті. 

Айта кетейік, Семей ұжымы 19 шілде күні өз алаңында "Жеңісті" қабылдайды. Аталған кездесу Астана уақытымен сағат 18:00 басталады деп жоспарланған.

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: