Ташкент ұжымы бүгінгі финалда "Бухараны" минималды есеппен жеңді.
Бейтарап “Бобур Аренада” өткен кездесудегі жалғыз голды Пахта сапынан Хожимат Еркинов 63 минутта соқты. Жалпы финалдық кездесуде қарсыластар бір-біріне нәбері 4 дәл соққы бағыттады.
Финалда жеңіске жеткен “Пахтакор” осылайша өз тарихында ел Кубогын 14 рет басына көтерді. Айтпақшы жүлдегерлер қатарында “Тобылдың” экс-ойыншысы Игорь Сергеев пен “Ордабасымен” чемпион болған Бобыр Абдухолиқов бар. Қос футболшы да ішкі чемпионатта 2023 жылы өнер көрсетіп кеткен болатын.
Айта кетейік, Игорь Сергеев қазірде “Пахтакордың” чемпионаттағы үздік сұрмергендерінің бірі. Өзбек шабуылшысының есебінде 25 матчта 15 голдық нәтижесі бар.
Біздің серіктес: FONBET