Чемпионат финалында "Челси" "ПСЖ"-ны 3:0 есебімен тас-талқан етіп жеңген соң, Палмер отбасымен бірге халқы шамамен 47 600 адамды құрайтын Кариб теңізіндегі Сент-Китс аралына сапар шекті. Бұл — футболшының атасы Стерри Палмер дүниеге келген мекен.
The Standard басылымының хабарлауынша, әуежайда Коулды Сент-Китс пен Невис аралдарының вице-премьері Джеффри Хэнли мен туризм министрі Марша Хендерсон, сондай-ақ жергілікті өнерпаздар қарсы алған.
"Клубтар арасынлағы әлем чемпионатындағы жеңістен кейін Сент-Китске сапарым мен үшін ерекше болды. Дәл осы жерде атамның футболға деген махаббаты бастау алған. Мен аралдың тауларын, тропикалық ормандарын, теңізін аралап, жергілікті тағамдардан дәм татып көргім келеді.” – деді Палмер.
Ал елдің премьер-министрі Терренс Дрю:
"Коул Палмердің Сент-Китс пен Невиске сапары — біздің диаспораның күшін, рухын көрсететін маңызды белгі. Оның келуі — келесі ұрпаққа шабыт сыйлап, қай жерде дүниеге келсе де, жаһандық табысқа жетуге болатынын дәлелдейді." – деп мәлімдеді.
Біздің серіктес: FONBET