Жарнама
Жарнама

Пандемия кімдердің қалтасын қағуда?

Жейде өндірумен айналысатын ірі компаниялар үлкен шығынға ұшырады.
Жарнама
Жарнама

Жанкүйерлер стадионға бармайды, клуб дүкендеріне сирек барады және көбінесе үйде футбол көреді. Коронавирус кезеңінде өзінің сүйікті ойыншысының жейдесін алатын да ешкім жоқ. Кірістер тек клубтардың ғана емес, сонымен қатар ірі өндірушілердің де қалтасын қағуда. "Nike", "Adidas", "New Balance" және "Puma" эксклюзивті мәмілелерге қомақты қаржы жұмсады және пандемияның әсерінен айтарлықтай шығынға ұшырау қаупі бар.

Мәселен, 2014 жылы "Adidas" "Манчестер Юнайтедпен" жылына 75 миллион фунт стерлингті құрайтын 10 жылдық келісімшартқа отырған. Немістер жыл сайын шамамен 400 миллион фунт стерлинг пайда табамыз деп күткен, бірақ қазір бұл ақшаны өндіру екіталай.

Sportcal басылымының хабарлауынша, пандемияға дейін өндіруші компаниялардың жоғары футбол лигаларымен келісімдері жылына шамамен 1 млрд долларды құрады. Қазір нарық айтарлықтай төмендеді.

"Love The Sales" сәнді платформасына 89 ағылшын командасынан футбол трикотажына сұраныс түскен. Бұл алдыңғы жылдың нәтижесі. Ал қазір бұл сұраныс 63%-ға төмендеген екен.

"Барселона" осы жазда Лионель Мессиді командада қалдыру үшін бар күшін салуға дайын болғанының себебі - супержұлдызды жоғалту клубты жейдеден түсетін кірістерінен айырады. Мессидің келесі трансфері оның "Барселонамен" келісімі аяқталған кезде болуы мүмкін. Осы жағдай үлкен мәселе туғызады. Бұл "Nike" компаниясына шығын әкелуі мүмкін, себебі аталған компания каталондықтармен жылдық кірісі 155 миллион еуро тұратын 10 жылдық келісімшартқа отырған. Ал Лео клубтан кететін болса, "Nike" өзінің жұлдызды атын жоғалтады. Мұндай мәселе "Adidas" компаниясында да пайда болады, оның Леомен ұзақ жылдық келісімшарты бар.

"Onside Law" фирмасының негізін қалаушы Оливер Хант: "Спорттық киім мен аяқ киімнің брендтері ойыншыларға емес, клубқа назар аударуы керек", - деп кеңес береді. - "Біз демеушілерге де, клубтарға да кеңес бергенде, клуб пен ондағы адамдарды ажыратуды ұсынамыз. Ал ең үлкен қателік - бұл клубтағы жеке ойыншыларға демеуші болу".

Әр лиганың жейде сатудан түсіретін пайдасы

Премьер-лига трансляция мен демеушілік кірістерге көп тәуелді болып табылады, ал толығымен жанкүйерлердің келуіне сенетін клубтар біраз табыстан айырылды. Бүгінгі таңда клубтардың жұмысын тоқтатпаудың бірден-бір мүмкіндігі - клубпен келісіп, арнайы тауарлар өндіру екенін ескерген жөн. Мысалы, өткен маусымның соңында "Fanatics" компаниясы Чемпиондар лигасының финалдық ойындарының алдында "Манчестер Ситиге" арналған арнайы тауарлар шығарды.

Ал биыл аталмыш фирма "Манчестер Юнайтедке" арнап, "Қаралардың өмірі маңызды" (Black Lives Matter) тақырыбында жейде тікті. Жейделер өте танымал болды.

Қазір жағдай қатты шиеленісіп тұр, бірақ жаңа тәсілдер барлық деңгейдегі клубтарды да, өндірушілерді де құтқарады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров