Париждік клуб Франция біріншілігінің 28-турында “Анже” командасын “Парк де Пренс” стадионында 1:0 есебімен жеңіп, маусым аяқталуына алты тур қалғанда чемпион атанды. Жеңіс голын 55-минутта 19 жастағы Дезире Дуэ соқты. Бұл — ПСЖ-ның қатарынан төртінші чемпиондығы.
Испаниялық бас бапкер Луис Энрикенің жетекшілігімен ПСЖ маусым бойы тамаша нәтиже көрсетіп, 28 ойында жеңілмеді (5 тең ойын). Бұл командаға екінші орында келе жатқан "Монакодан” 24 ұпайға озып кетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, капитан Маркиньос Лига 1 тарихында 10 рет чемпион атанған алғашқы ойыншы болды.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET