Лондондық "Арсенал", мадридтік "Атлетико" секілді клубтардың және Гана құрамасының жартылай қорғаушысы Томас Парти қыз зорлады деген айыпталуына байланысты уақытша қамалған еді. Бұл жолы Томасты кепілдікпен босату жайлы шешім қабылданды.
Партиге тағылған зорлау айыптары бойынша ол кепілдікпен босатылды. Ойыншыға жәбірленушілермен байланыс жасауға тыйым салынды, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайын өзгерткені немесе шетелге шыққаны туралы хабарлауға міндетті.
Томас Парти кепілдікпен босатылудың шарттарына бағынуға міндеттелді.
Еске сала кетсек, бұрынғы «Арсенал» мен «Атлетико» жартылай қорғаушысы бес рет зорлау және бір жыныстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша айыпталған еді.
Бүгін Парти магистраттар сотының отырысына қатысты, онда оған кепілдікпен босатылудың шарттары белгіленді.
Журналист Бен Джейкобстың хабарлауынша, кепілдік шарттарына сәйкес, Парти осы іс бойынша аттары аталған әйелдермен байланыс жасай алмайды. Сонымен қатар ол тұрғылықты жерін ауыстырғаны немесе халықаралық сапарға шыққаны туралы полицияны хабардар етіп отыруы тиіс.
Парти 2 қыркүйекте Олд-Бейли сотына келуі керек.
Біздің серіктес: FONBET