Жарнама
Жарнама

Патрик Твумаси қызылордалық “Қайсар” сапын толықтыруы мүмкін

Ганалық легионер Премьер-лигаға қайтып оралады деп күтілуде.

Жарнама
Жарнама

Қызылордалық кәсіпкер Исламғали Қозбақовтың қол астына өткен “Қайсар” командасы Премьер-лиганың жаңа маусымына қарай құрамын түбегейлі өзгертуді жоспарлап отыр. Оңтүстік команда мықты деген қазақ футболшыларымен қатар сапалы легионерлерді сатып алуды көздеуде екен.

Соның бір нұсқасы ретінде - Патрик Твумаси қарастырылуда. Кезінде “Астана” сапында 171 матч өткізіп, 69 гол соққан ганалық Премьердің ең нәтижелі легионерлерінің бірі болып еді. Патрик елордалық команда сапында 2013/14 жылғы маусымнан бері 5 мәрте Қазақстан чемпионатын жеңген болатын.

Қазірде 31 жастағы қаптал вингері Кей-Лигадағы “Чонбук” намысын қорғап жүр. Осы маусымда ол кореялық клуб сапында 5 матч өткізіп, 1 гол соқты. 

Дереккөз: Kazakh_football_inside

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: