Жарнама
Жарнама

Патрик ван Лиувен: «Біз тек алаңға ғана емес, жақсы қарсыласқа да дайын болуымыз керек»

19.08.2021, 16:07
Бұл маман бұған дейін Қазақстанда жұмыс істеген.
Жарнама
Жарнама

«Маккаби Тель-Авив» клубының бас бапкері Патрик ван Лиувен Конференция лигасының плей -офф кезеңіндегі «Шахтермен» болатын ойын туралы пікір білдірді:

- Жасанды төсеніш? Біз тек алаңға ғана емес, жақсы қарсыласқа да дайын болуымыз керек. Израильде синтетикалық алаңда ойнау әдетке айналмаған, бірақ біз ойынға дайын боламыз.

- «Шахтер» туралы Қазақстанда болған кезіңізден не білесіз?

- Олардың бес қорғаушымен ойнайтыны есімде. Олар әрқашан 90 минут бойы физикалық формасына назар аударады. Және біз олардың қазіргі ойындарынан да дәл осыны анықтадық. Бұл әлі де олар ойнайтын футболдың ерекшеліктері және біз тек физикалық жағынан ғана емес, олардың ойынына да дайын болуымыз керек.

Біз мұнда жақсы жұмыс жасасақ та, алға қойған мақсатты үйде жалғастыруға тура келетінін білеміз. Конференция лигасының топтық кезеңіне шығу үшін біз мұнда және үйде жақсы ойнауымыз керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров