Жарнама
Жарнама

Патрис Эвра: «Ван де Бек «Манчестер Юнайтедке» керек емес»

25.10.2020, 18:51
«МЮ-ге» келгелі бері екі рет қана негізгі құрамнан шықты.
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы қорғаушысы Патрис Эвра "қызыл сойқандардың" жартылай қорғаушысы Донни ван де Бек туралы ойымен бөлісті.

"Менің бұл жігітке қарсы шағымым жоқ, бірақ біз оны неге алдық? Ол матчтарды үнемі трибунадан тамашалайды. "Манчестер Юнайтедке" бұл ойыншы қажет емес, бұл шындық", - деді Эвра Sky Sports-қа берген сұхбатында.

Еске салайық, ван де Бек "Манчестер Юнайтедке" "Аякстен" қыркүйектің басында ауысып келген болатын. Трансфер сомасы 40 миллион еуроны құрады. Голландиялық футболшының ағылшын клубымен келісімшарты тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен бес жылға жасалған.

"Манчестер Юнайтед" 5 матчта 7 ұпай жинады және Премьер-лиганың турнирлік кестесінде 15-орында тұр. Жарыс көшбасшысы - 5 ойында 13 ұпай жинаған "Эвертон".

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров