Жақын арада “Ертіс” командасының жаңа бапкерінің есімі белгілі болуы мүмкін деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Павлодарлық “Ертіс” команданың даму бағытын түбегейлі өзгертіп, Премьер лигаға оралу қарсаңында жанкүйерлерді таңғалдыруды көздеп отыр.
Беларусьтік құпия бапкер кім?
ЖаркOff телеграм арнасының мәліметінше, жақын арада Павлодарлық ұжымның тізгінін Беларусь елінен келген тәжірибелі маман ұстамақ.
Әзірге маманың есімі құпия сақталып отыр, бірақ бір нәрсе анық – бұл Қазақстандық жанкүйерлерге таныс Александр Седнёв емес.
Маман Павлодарға келіп қойды
Ақпаратқа сүйенсек, бапкер қазірдің өзінде Павлодар қаласына табан тіреген. Ресми таныстырылым алдағы күндері өтеді деп күтілуде. Дәл осы маманның келуімен клубтың трансферлік саясаты да толықтай қайта қаралмақ.
Біздің серіктес: FONBET