Павлодар облысының әкімі “Екібастұз” бен “Қайрат” арасындағы ойынның нәтижесіне күдік білдірді

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Meta-ratings порталына берген сұқбатында Бірінші Лиганың “Екібастұз” бен “Қайрат” арасындағы өткен кездесуіне арнайы тексеріс жүргізетінін алға тартты. 

Айта кетейік, Бірінші Лиганың 17-турында “Екібастұз” бен “Қайрат” академиясы кездесті. Алаң иелері 1:0 есебімен жеңіп жатқанда, букмекерлік кеңселер Алматы ұжымының жеңісіне берілген коэффиценттер көрсеткішін бірден жоғарыға көтерді. Ал бұл отандық футболды көріп жүрген жанкүйерлердің күдігін тудырды. Матч қорытындысы бойынша “Қайрат” қарсыласын 1:4 есебімен сенімді жеңді. 

“Облыстың спорт басқармасына аталған ойында орын алған жағдайларды жіті тексеруге тапсырма беремін”, - деп айтты облыс әкімі Асайын Байханов.