Жарнама
Жарнама

Павлодардағы футбол думаны кешігеді – “Ертіс” – “Атырау” матчы қашан өтеді?

Бүгін, 10:08

Павлодарлық "Ертіс" пен "Атырау" арасындағы ҚПЛ 2026 маусымының екінші туры аясындағы кездесудің басталу уақытына түзету енгізілді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Павлодар, “Орталық” стадион
Жарнама
Жарнама

Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлер мен клубтар үшін шешімді ресми түрде жариялады.

Бастапқы жоспар бойынша, 16 наурызда Павлодарда өтетін кездесу сағат 15:00-де басталуы тиіс еді. Алайда, федерация мен клубтардың келісімінен кейін ойынның басталуы кешкі сағат 19:00-ге ауыстырылды. Бұл шешім жұмыс күніне қарамастан, стадионға көбірек жанкүйер жинауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Екі ұжым да маусымды тартысты бастады, бірақ  жеңіске жете алмады.

"Ертіс” бірінші турда Шымкентте жергілікті "Ордабасымен” кездесіп, нағыз триллер сыйлады. 2:2 есебімен аяқталған матч Павлодарлықтардың биылғы маусымға үлкен дайындықпен келгенін көрсетті.

"Мұнайшылар" алғашқы турда "Ұлытауды” қабылдады. Түркістанда өткен кездесуде есеп ашылмай, командалар ұпай бөлісті (0:0).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров