"Ертіс" басшылығы ешқандай ескертусіз спорттық директор мен негізгі ойыншылардың басым бөлігін қызметтен босатты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Басшылықтағы тазарту: Горовенко мен Шадыев кетті
Клубтың спорттық директоры Константин Горовенко мен менеджер-селекционер Данияр Шадыев күтпеген жерден жұмыстан қуылды. Команданың болашақ құрамын жасақтап жүрген мамандардың не себепті кеткені әзірге жұмбақ.
Құрамның күл-талқаны шықты: 10 ойыншы бір сәтте қоштасты
Тек басшылық қана емес, команданың тірегі болып жүрген жұлдыздар да жаппай кетіп жатыр. Клуб сапынан бірден 10 футболшының кеткені белгілі болды:
Владислав Васильев, Еркебулан Тұңғышбаев, Владимир Воменко, Нұрғайни Бөрібаев, Әділхан Добай, Мұхаммед Еңсебаев, Нұрәлі Елемес, Арман Кеңесов, Мирам Кикбаев және Темірлан Төребек.
Самат Смақов келмейтін болды: Трансферлер тоқтатылды
Ең сорақысы — жанкүйерлер асыға күткен Самат Смақовтың тағайындалуы ресми түрде тоқтатылды. Онымен бірге, келіссөз сатысында тұрған бірнеше маңызды трансферлер де күлге айналды.
Біздің серіктес: FONBET