“Ертіс” футбол клубының директоры болып 35 жастағы Дәуір Ерғабұлов тағайындалды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Дәуір Қуатұлы тек кабинетте отыратын шенеунік емес, нағыз спорт майталманы. Ол — муай-тайдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 2011 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Нағыз спорттың қайнаған ортасынан шыққан маман ретінде, ол кәсіби клубтың талап-тілегін жақсы түсінеді.
Ерғабұловтың кәсіби жолы туған жері Павлодар өңірімен тығыз байланысты. Ол бұған дейін де бірнеше жауапты қызметтерді абыроймен атқарған.
2021–2024 жылдары Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.
2025 жылдың ақпанынан бастап Павлодар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Ол “Астана” мұз сарайында және облыстық спорт басқармасында түрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарда болып, аймақтың спорттық әлеуетін ішінен зерттеген.
KazFootball.kz мәліметінше, жаңа директордың алдында клубтың инфрақұрылымын реттеу және бұрынғы даңқын қайтару секілді ауқымды міндеттер тұр.
Біздің серіктес: FONBET