«Жилинаның» бас бапкері Павол Стано Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Тобылмен» болған қарымта ойын (5:0, жалпы есеп - 6:0) туралы пікір білдірді:
- Жігіттер керемет жұмыс жасады, олар матч бастала салысымен жақсы ойнады. Олар өздерінің жас команда екенін және керемет ойнай алатынын көрсетті. Қарсылас жақсы болды, бірақ олар мұны тек өз алаңдарында дәлелдеді. Кеше біз оларға бірде-бір мүмкіндік бермедік. Біз қақпаға көп соққы жасадық, командаға мүмкіндіктерді дәл осылай іске асырғаны үшін рахмет!
Біздің серіктес: FONBET