Лондондық "Челси" клубының шабуылшысы Педро Родригес келісімшарттың аяқталуына байланысты клубтан кетті.
"5 жылдан кейін менің "Челсидегі" мансабым аяқталды. Клуб басшылығына, менімен ойнауға мүмкіндік алған барлық жаттықтырушылар мен ойыншыларға көп рахмет. Мені үлкен отбасыңыздың мүшесі болуға мүмкіндік бергеніңіз үшін рахмет. Мен мұнда әрдайым бақытты болдым, соның арқасында өзімді үйде жүргендей сезіндім.
Осы клубта ойнау және Премьер-Лиганы, Англия Кубогын және Еуропа Лигасын жеңіп алу мен үшін үлкен мәртебе болды. Сондай-ақ, мен әлемдегі ең қиын чемпионаттардың бірінде ойнауға мүмкіндік алдым. Дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын. Клубта болған керемет және ұмытылмас сәттерді есімнен шығармаймын.
Менің мансабымның бір бөлігі осы клубта өткеніне өте қуаныштымын, және болашақта не болатынын асыға күтемін. Рахмет және сәттілік!" - деді Педро.
Испаниялық шабуылшы осы маусымда "Челси" үшін небәрі 16 матч өткізіп 2 гол соқты, 2 нәтижелі пастың авторы атанды.
Айта кетейік, Педро алдағы уақытта "Рома" клубына қосылатын болады.
Біздің серіктес: FONBET