Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лиганың 17-турында Көкшетаулық "Оқжетпестен" басым түсті. Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өткен матч 2:1 есебімен аяқталды.
Ойынның есебін 41-минутта "Оқжетпес" ойыншысы Милан Стоянович ашты. Ол тікелей айып соққысынан гол салды. Бірақ екінші тайм бастала салысымен Сергей Зенёв бұл голға жауап қатты. Ал 57-минутта дәл осы Зенёв дубль авторы атанды. 73-минутта "Шахтер" қақпасына пенальти белгіленіп, бұл мүмкіндікті Дарко Зорич пайдалана алмады.
"Шахтер" осы жеңістің арқасында 20 ұпаймен бесінші орынға көтерілді. "Оқжетпес" 11 ұпаймен оныншы орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET