Жарнама
Жарнама

Пепе екі жылға футболдан шеттетілуі мүмкін

15.02.2022, 17:52
Қорғаушы қарсылас команданың директорына қол көтерген.
Жарнама
Жарнама

«Порту» клубының қорғаушысы Пепе Португалия чемпионатының 22-ші туры аясында өткен матчта «Спортинг» директорын ұрғаны үшін ұзақ уақытқа футболдан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды A Bola порталы.

Төреші матчқа арналған түсініктемеге Пепенің «Спортинг» директорына қол жұмсағанын жазған. Лига ережесіне сәйкес, Пепе екі айдан екі жылға дейін спорттан шеттетілуі мүмкін.

Айта кетейік, «Порту» - «Спортинг» кездесуі футболшылардың жаппай төбелесімен аяқталған болатын. Екі клубтың барлық ойыншысы жанжалдаса бастады. Нәтижесінде кездесудің төрешісі төрт қызыл қағаз көрсетті. «Порту» сапында Агустин Марчесин мен Пепе алаңнан қуылды, ал «Спортингте» Жоау Пальинья мен Бруно Табата қызыл қағаз алды.

Пепе «Порту» сапында 2019 жылдан бері ойнап келеді. Оның клубпен келісім-шарты 2023 жылға дейін есептелген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров