Жарнама
Жарнама

Пьер-Эмерик Обамеянг «Барселона» сапына ауысуға дайын

23.01.2020, 14:44
Жарнама
Жарнама

«Арсенала» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг қысқы трансферде клуб ауыстыруы әбден ықтимал. 30 жастағы сұрмергенді орталық шабуылшы іздеп жүрген «Барселона» сатып алғысы келеді. Естеріңізге сала кетейік, Луис Суарес тізе жарақатына байланысты 4 айға қатардан шығып қалды. Қазір ол ота жасатып, емделіп жатыр.
Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, Обамеянг «Барселонаға» ауысуға дайын екенін айтқан. Бұл аталған трансферді жеделдетуі мүмкін.

Бірақ Лондон ұжымы габондық шабуылшыны жіберуге асығар емес. Егер ойыншының сөзі рас болса «Арсенал» барынша қымбат бағада сатуға дайын көрінеді.
Ал Пьер-Эмерик пен «Арсенал» арасындағы келісім-шарт 2021 жылға дейін жарамды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров