Жарнама
Жарнама

Пьер-Эмерик Обамеянг ерекше рекорд орнатты

21.02.2022, 13:45
Шабуылшы «Валенсиямен» болған ойында хет-трик жасады.
Жарнама
Жарнама

«Барселонаның» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг Испания чемпионатының 25-ші турында «Валенсиямен» (4:1) болған ойында үш гол соқты. Габондық шабуылшы Франция, Германия, Англия және Испания чемпионаттарының матчтарында хет-трик жасаған ХХІ ғасырдағы алғашқы футболшы атанды. Бұл туралы Squawka порталы хабарлады.

32 жастағы футболшы кешегі матчта дубль жасаған болатын, кейін жартылай қорғаушы Педри соққан гол Обамеянгтың атына жазылды.

Обамеянг «Барселонаға» қысқы трансфер терезесінде еркін агент ретінде қосылды. Оған дейін габондық шабуылшы «Арсенал», «Боруссия Дортмунд» және «Сент-Этьен» командаларында доп тепкен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров