Жарнама
Жарнама

Пьер-Эмерик Обамеянг мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін

31.01.2022, 14:39
Бірақ командада бұл ойыншыға орын болмай тұр.
Жарнама
Жарнама

«Арсеналдың» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің айтуынша, габондық шабуылшы «Барселона» сапында ойнау үшін жалақысын қысқартуға дайын. Бірақ Обамеянг каталондық клубқа ауысу үшін, командадан Усман Дембеле кету керек.

Француз футболшысына ПСЖ клубы қызығушылық танытуда. «Барселона» Дембеле үшін париждік командадан 20 миллион еуро сұрауда.

Еске салайық, 2021 жылдың 14 желтоқсанында шабуылшы Пьер-Эмерик Обамеянг капитандық мәртебесінен айырылған болатын. Осыған байланысты шабуылшы қаңтарда «Арсеналдан» кетуі мүмкін деген ақпарат тарады. Обамеянг осы маусымда Премьер-лигада 14 ойынға қатысып, төрт гол соқты, бір нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров