Словения құрамасының ойыншысы Петар Стоянович Еуро іріктеуінің 10-тур ойынын қорытындылады.
“Қазақстанға қарсы ойнағанымызға өкінбейміз. Қарсыласымызға барынша құрмет көрсеттік. Қазақстанды сыйламай алаңға шыққанның кесірінен “Астана Аренадағы” ойын бізге қиынға соққан еді. Сол ойыннан кейін қарсыласымыз даттарды жеңіп, бар ұпайға қол жеткізу үшін тырысты. Қазақстан жоғары деңгейлі ұжымдардың бірі. Алайда бүгінгі ойында біз бір бас жоғары болдық.
Бұл сәтті тойламау үлкен қателік деп ойлаймын. Біз бақытты кезеңімізді барынша көңілді нотада тойлайтын боламыз. Алдымызға келген тағамдар мен сусындардан дәм татып, таңға дейін ойын-сауық құрамыз.
Екінші тайм басталарда қарсылас жылдам гол салып, бізді әбігерге салды. Қуанышымызға орай, тәжірибелі Вербич команданың қайта алға суырылып шығуына мүмкіндік туғызды. Бір гол басымдылық кезде қолдау білдірген жанкүйерлеріміз стадионды ерекше атмосфераға бөледі”.
Біздің серіктес: FONBET