Швейцариялық "Лозанна" клубының бас бапкері Петер Зайдлер Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Астанаға" қарсы өтетін матч алдындағы ойымен бөлісті.
"Сапар жақсы өтті, барлығы ыңғайлы болды. Ертең біз жасанды алаңда ойнаймыз, бұл бізге ұнайды , дәл Лозаннадағыдай. Біз футбол ойнауды жақсы білетін қарсыласқа тап келдік. Бақытымызға орай, алғашқы ойынды 3:1 есебімен ұттық.
"Астананың" Еуропада өнер көрсету тәжірибесі мол, бірақ бұл біз үшін кедергі емес. Бізде де тәжірибелі ойыншылар бар, олар да талай маңызды матчтар өткізген. Жастарымыз да осал емес, олардың кейбірі алғаш рет осындай деңгейде ойнайды, олар ерекше ынталы және үлкен стадионда осындай ауқымды кездесуге шығуды асыға күтуде. Біз Еуропалық матчтарды көп өткізіп, үнемі дамып отыруды қалаймыз.
Стадионның өзі нағыз мотивация. Біз атмосфераны жақсы көреміз. Бұл біз үшін кедергі емес, керісінше – жақсы ойнауға түрткі. Автобуспен жанынан өткенде бәріміз: "Міне, нағыз Еуропа!” – деп айттық. Стадион керемет екен.
Фабио Капеллоның бір сөзін білемін: екі голдық артықшылық – ұстап қалуға ең қиын есеп. Ертең батылдық танытып, өз ойынымызды көрсетуіміз керек. Шабуылдап, алға ұмтылып, гол соғу. "Астанаға” құрметпен қараймыз, олардың қалай ойнайтынын және қаншалықты мықты екенін білеміз. Кез келген жағдайға дайынбыз.
Барлық матчтар қиын және әртүрлі өтеді. Біз тартысты ойын күтеміз. Қосымша уақыт немесе пенальти сериясы болса да, біз үшін мәселе емес. Біздің мақсатымыз бұл ойында да жеңіске жету." деді Зайдлер.
Біздің серіктес: FONBET