Жарнама
Жарнама

Пети: «Обамеянгтың орнында болсам «Арсеналдан» кетер едім»

25.06.2020, 04:18
Жүлде жеңе алмайтын командада қалудың қажеті шамалы. Бірақ Обамеянг «Арсеналда» өзінің үшінші маусымын өткізуде.
Жарнама
Жарнама

«Арсеналдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Эммануэль Пети шабуылшы Пьер-Эмерик Обамеянг басқа командаға ауысу керек деген пікір білдірді.

«Обамеянгтың орнында болсам «Арсеналдан» кететін едім. Командада жақсы ойыншылар бар, бірақ клубқа барғаныңда кубок жеңіп алғың келеді. Бірақ "Арсенал" бұрынғыдай емес. Ол ортаңқол командаға айналып барады. Мен жанкүйерлерден және клубты жақсы көретіндерден кешірім сұраймын. "Арсеналдың" беделін сақтап қалуға тырысқан клубтың бұрынғы ойыншыларынан да кешірім сұраймын. Бірақ ойыншылар үшін өкінбеймін. Менің ойымша, командадағы 75% ойыншылар "Арсенал" үшін ойнауға лайық емес. Олар айнаға қарап, өздерінің «Арсеналда» ойнап жүргеніне қуану керек.»

Еске салайық, 31 жастағы Обамеянгтың «Арсеналмен» келісімшарты бір жылдан кейін аяқталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров