Жарнама
Жарнама

Петр Бадло: «Жіберіп алған голдан кейін еңсемізді түсірмей, жеңісті жұлып алдық»

03.05.2022, 19:24
«Ақтөбе» кеше төрт қорғаушымен ойнады.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» бас бапкерінің міндетін атқарушы Петр Бадло Премьер-лиганың тоғызыншы турында «Ақжайыққа» қарсы өткен ойын (2:1) туралы пікір білдірді:

- Қиын ойын болды. Біз бұл команданы, олардың қалай ойнайтынын және қорғанысын бұзудың қаншалықты қиын екенін білдік. Бірақ жігіттер жарады, жіберіп алған голдан кейін еңсесін түсірмеді. Жеңісті жұлып алдық. Екінші таймда біз көптеген мүмкіндіктер жасап, ерекше ынта-ықыласпен ойнай бастадық. Барлық ойыншыларымызға үлкен рахмет айтқым келеді. Олар 100 емес, 200 пайызға беріліп ойнады. Лайықты ойын көрсетті және шынымен де жақсы ойнай алатынын дәлелдеді. Бұл матч клубтың, әрбір ойыншының және жанкүйерлеріміздің абыройын асқақтатты.

- Соңғы ойындарға қарасаңыз, «Ақтөбе» әрқашан бірінші болып гол жібереді. Неліктен бұлай болып жатыр?

- Біраз психологиялық қысым бар. Біз мұны зерттеп жатырмыз. Ойыншылар бір жерде қарап қалып, концентрацияны жоғалтып алуда. Дегенмен, «Ақжайық» сияқты командамен болатын ойындар бізге сенімділік береді. Болашақта мұндай болмашы қателіктерге бой алдырмай, қорғаныста жақсылап ойнайтынына сенімдімін.

- Бұған дейін «Ақтөбе» үш орталық қорғаушымен ойнаса, бұл жолы екеумен ойнады.

- Біз Владимир Мухановтың бапкерлер штабымен бұл схемаға көшуді көптен бері ойладық. Бұл бізге қарсы тұрған командаға байланысты. «Ақжайықтың» бес қорғаушымен және үш бірдей шабуылшымен ойнайтынын білдік. Сондықтан біз алдыңғы шепте агрессивті ойнау үшін төрт қорғаушымен шықтық. Үш жылдам шабуылшыны пайдаландық, ал үш жылдам жартылай қорғаушы оларға көмектесе білді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров