Жарнама
Жарнама

Петр Чех: «Қазақстанға Азияда ойнау керек»

09.10.2014, 20:38
Жарнама
Жарнама
Чехия құрамасының қақпашысы Петр Чех ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан құрамасына қарсы кездесу туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Idnez.cz. – Бақытымызға орай, Астанаға Түркияға қарсы кездесуден кейін барамыз, сондықтан сағаттық белдеудің ауысуы қатты біліне қоймас. Ал Прагадан тікелей ұшсақ, қиын болар еді. Дегенмен 3-4 сағат айырмашылығы да анық байқалады. Қалпымызға қайта келуімізге 2 күн болады, сондықтан осы үшін барымызды саламыз. – Қазақстанның көп аймағы Азияға жатады, алайда құрамасы Еуропада ойнайды. Бұған қалай қарайсыз? – Мен бұған қатты таң қалдым, олар үшін Азияда ойнау оңай болар еді. Сондай-ақ, мен құрамада болған 12 жылда Қазақстанмен бір де бір рет кездеспегеніміз таңқалдырады. Біз қашан да жеребеде олармен бір топқа түспейтінбіз, бірақ бұл жолы бізге сәттілік жолдас болмады. ПРОСПОРТ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров