Петр Чех: «Тағы да осындай маусым өткізгім келмейді»
25.03.2015, 16:48
Жарнама
Жарнама
Петр Чехқа «Челсидің» екінші нөмірлі қақпашысы болып жүрген ұнамайды екен. Бұл туралы голкипердің өзі айтты.
«Клубтың не ойлағанын білмеймін. Шамасы, Куртуа екеуіміздің дуэтімізбен жұмыс жасау идеясы іске асып жатыр-ау. Бірақ мұндайды тек бір ғана маусымды өткізуге болады. Осы секілді тағы бір маусымды өткізгім келмейді.
Менің болашағым туралы желсөздер міндетті түрде болады, бірақ мен барлығын жазға қалдырайын. Басшылықпен, бапкермен отырып, жақсы-жаман жағын ақылдасу керек. Бірге біз жақсы шешім шығарамыз.
«Реалға» ауысатыным туралы ақпарат па? Егер нақты ұсыныс түссе, оны қараймын. Бас тарту мүмкін емес ұсыныстар болады», - деді Чех.
Осы маусымда Чех «Челси» сапында 14 матч өткізді. Оның төртеуі ғана Премьер-лига ойындары болатын.