Жарнама
Жарнама

"Петрокуб" бапкері: Барлығы Кишиневте шешіледі

11.07.2024, 10:12

"Петрокуб" командасының бас бапкері Андрей Мартин ЧЛ-ның бірінші іріктеу кезеңіндегі "Ордабасыға" қарсы өткен ойын туралы пікірін білдірді.

Андрей Мартин "Петрокуб" бас бапкері
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, кеше шымкенттік клуб өз алаңында молдовалық ұжымды қабылдап, 0:0 есебімен тең тарқасты. 

"Жақсы ойын, екі тең команда. Біз қиын матч боларын және барлығы қос кездесу қортындысында шешілетінін білдік. Екі команда да жақсы ойын өрнегін көрсетті. Меніңше, барлығы Кишиневте шешіледі. Біз үнемі белсенді футбол ойнап, басымдық алуға, допқа иелік етуге ұмтыламыз. Біз өз стилімізден айнымаймыз."Петрокуб" өз мүмкіндіктері үшін үнемі күресетін кішкентай, алайда өте амбициялы, үлкен жүректі клуб", - деді А. Мартин. 

Енді команда бір аптадан кейін Кишиневте жолығады. Қос ойын қортындысы бойынша жеңіске жеткен ұжым екінші кезеңде кипрдің "Апоэлімен" шеберлік байқаспақ. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров