Кеше Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Ордабасы" мен Молдова чемпионы "Петрокуб" жолығып, кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.
Осы матч жайлы молдовалық ұжымның қорғаушысы Василе Жардан өз ойын айтты.
"Мен ең алдымен команданың жақсы ойын өткізгеніне қуаныштымын. Біз допқа иелік етіп, өз мүмкіндіктерімізді табу жолында батыл ойнадық. Барлық жанкүйерлерімізді өз алаңымыздағы ойында күтеміз. Бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет. Hai Petrocub!", - деді молдовалық футболшы.
Енді қос клуб 17-шілдеде Кишиневте жолығады. "Ордабасы" - "Петрокуб" жұбының жеңімпазы екінші іріктеу кезеңінде кипрлік "Апоэлге" қарсылас атанады.
Біздің серіктес: FONBET