"Петрокубтың" бас бапкері: Арманымыздың орындалуы үшін біз ең соңына дейін күресеміз

15.07.2024, 20:01

"Петрокубтың" бас бапкері Андрей Мартин Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі "Ордабасымен" өтетін  жауапты кездесу жайлы ойын айтты.

Андрей Мартин "Петрокуб" ФК бас бапкері

Айта кетейік, қос команданың бірінші бәсекесінде командалар тең тарқасқан (0:0). 

"Келесі кезеңге өте қатты өткіміз келеді. Бұл біздің басты міндетіміз. Өзіміздің алаңымыздағы матчқа жауапкершілікпен дайындалуымыз керек. Мен өз командам мен футболшыларыма сенім артам.  "Петрокуб" өзінің күшіне әрдайым сенімді. Біздің құрамымыз жақсы ойыншылармен жасақталған. Арманымыздың орындалуы үшін біз ең соңына дейін күресеміз", - дейді  "Петрокубтың" бас бапкері. 

Естеріңізге сала кетейік, "Петрокуб" - "Ордабасы" ойыны 17-шілдеде Кишиневте өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы екінші айналымда кипрдің "Апоэліне" қарсылас атанбақ.