Жарнама
Жарнама

Пиерос Сотириу: «Бізге жаңа команда іздеу керектігі айтылды»

04.02.2021, 20:42
Сотириудің елордалық клубпен келісімшарты бар болғандықтан, «Астана» ойыншыны сату арқылы пайда табады.
Жарнама
Жарнама

"Астана" мен Кипр құрамасының шабуылшысы Пиерос Сотириу "Active" радиосына берген сұхбатында болгариялық "Лудогорецке" ауысуы мүмкін екенін айтты.

- Сіз Болгарияға кетуге дайынсыз ба? Өйткені "Астанадағы" өміріңіз оңай болған жоқ. Енді сіз бұрынғыдай ойнауға дайынсыз ба?

- Бұл сөзсіз уақытты алады, бірақ мен өзімнің бұрынғы қалпыма ораламын деп ойлаймын. Алайда, бұған қол жеткізу қиын болады. Қазақстан мен Болгария чемпионаттары әр түрлі. Пандемия кезінде "Астанада" ойнау маған қиын болды. Алдыңғы қалпыма оралу үшін уақыт қажет.

- Сіз "Астанадан" мүлдем басқа нәрсе күттіңіз бе?

- Мен "Астанадан" жақсылық күттім, бірақ, өкінішке орай, бәрі ойдағыдай болмады. Өткен жылы біз нашар маусым өткіздік. Осы жылы бізге басты демеушінің клубтан кеткені туралы хабарлады. Мұнда демеушілердің мәселесі басқаша, үкімет біраз қиындықтар туғызды. Клуб бюджеті төмендеп, бізге жаңа команда іздеу керектігі айтылды. Бұл жағдай бәрімізге қиын болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров