Еревандық “Пюник” командасының шабуылшысы Серж Дебле “Ордабасыға” қарсы матчқа қатыспай қалуы мүмкін, деп жазады Meta-ratings.kz.
Футболшы өз командасының Алматыдағы Орталық стадионда өткізген ойын-алды жаттығуында жарақат алған екен. Дәрігерлер Серждің қай уақытта қатарға қосылатынын дөп басып айта алмауда.
34 жастағы тәжірибелі аяқдопшы “Тобылдан” “Пюникке” ауысқалы 6 ойын өткізіп, 1 гол соқты.
“Ордабасы” мен “Пюник” арасындағы Конференция Лигасының кездесуі ертең, 8 тамыз сағат 20:00-де өз бастауын алады. Қарымта кездесу 15 тамыз күні Армения астанасында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET