Жарнама
Жарнама

Платини: "Алтын допты" Варан алуы тиіс"

31.10.2018, 22:02
Жарнама
Жарнама
Үш мәрте "Алтын доп" жүлдесінің иегері, УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини жылдың ең үздік ойыншысына берілетін France Football басылымы тағайындайтын "Алтын доп" жүлдесінің биылғы иегері - мадридтік "Реал" мен Франция ұлттық құрамасының қорғаушысы Рафаэль Варан болу керек деп есептейді. "Алтын допты" француз ойыншысы  иеленеді деп үміт артамын. Және маған бұл ойыншыны анықтау қиынға соқпайды. Ол - Варан. Өйткені Рафаэль - чемпиондар лигасында да, әлем чемпионатында да жеңіске жеткен жалғыз ойыншы. Үздік қорғаушы әрі оның жетістіктері объективті. Ал қалғанының бәрі субъективті" - деп келтіреді Платинидің сөздерін L`Equipe басылымы. Естеріңізге сала кетейік 25 жасар Рафаэль Варан "Алтын доптың" 30 үміткерінің қатарында.

Руслан Мералиев

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров